ЮНЕСКО Жамбыл облысындағы тарихи-мәдени мұраларға мониторинг жүргізді
«Сапар барысында 2013 жылы «Ұлы Жібек жолы» аталымы бойынша Жамбыл облысының 5 тарихи-мәдени мұрасы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне, Ақтөбе (Баласағұн), Құлан Ақыртас, Қостөбе, Өрнек қалашықтары енген болатын. Мониторинг негізінде тізімге алынған ескерткіштерде осы уақыт аралығында атқарылған түрлі зерттеулер, қазба, жаңғырту жұмыстарын көріп әрі қарай зерттеу жұмыстарын жалғастыру еді», дейді ҚР МСМ «Ежелгі Тараз ескерткіштері» ТМҚМ бөлім басшысы Алмас Мұхтаров.
Халықаралық сарапшылар жұмысы Жамбыл облысында бүгінде жалғасуда. Сапар соңында, ертең екі күнгі жұмыс барысында жүргізілген мониторинг бойынша жергілікті атқарушы орган жетекшілерімен ғалымдармен кездесу өткізіледі. Арнайы өкілдер арасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мамандары, жаңғыртушылар, археологтар және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музей жетекшілері бар.