Хабар 24.kz порталының хабарлауынша, халықаралық ұйым мамандары қақтығыстар өршіп тұрған өңірдегі білім ордаларына жиілеп кеткен шабуылдарға қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр.
Бір ғана Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» содырлары соңғы бірнеше жылда 1 мың 400 мектепті қиратқан екен. Лаңкестер тағы 2 мың 300 мұғалімді жер жастандырған.
ЮНИСЕФ мамандарын алаңдатып отырған тағы бір жәйт бар. Айтуларынша, гуманитарлық мақсатқа бөлінетін қаржының тек 3,6 пайызы ғана білім беру бағдарламаларына жаратылатын көрінеді.