ЮНИСЕФ-тің ақпараты бойынша, соңғы екі тәуліктегі атыс-шабыстан кем дегенде 9 бала мерт болды.
«Соңғы деректер бойынша, Газада 469 бала көз жұмды, біздің ммандар бұл сан әлі де артуы мүмкін деп алаңдаушылық танытып отыр», - деді ЮНИСЕФ-тің Газадағы өкілдік жетекшісі Пернилла Айронсайд.
Оның айтуынша, шұғыл түрде 373 мың адамға психологиялық көмек қажет. Қазір Газада ЮНИСЕФ-тің 50 өкілі қызмет етуде.