Оған сәйкес, кез келген мемлекеттегі балардың жағдайы, ең алдымен олардың тамақтану деңгейімен анықталады. Негізі, ол жағынан Қазақстанда оң үрдіс байқалады: нәрестелердің тамақтану деңгейі - 79 пайыз, 1-2 жастағы балаларда - 82 пайыз, ал 3-4 жастан асқан балалардың тамақтануы 87 пайызды құрап отыр. Дегенмен, аймақтарды жеке-жеке қарастырған кезде, бұл көрсеткіштер мың құбылып тұрады. Мәселен, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында нәрестелердің тамақтану деңгейі - 62-66 пайыз. Алматы қаласында бұл көрсеткіш 57,2 пайызды құрады. Демек, ол қалада нәрестелер толыққанды тамақтанбайды. Астанада нәрестелер 66,7 пайызға, ал 1-2 жастағы балалар 69,6 пайызға тамақтанады. Ол да жоғары көрсеткіш емес.
Бұдан басқа, ЮНИСЕФ білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа шарттар бойынша Қазақстандағы балалардың жағдайын зерттеп шықты.