«25 тамыздан бері 125 мыңнан астам рохинджа-босқын Бангладеш шекарасын асқан. Оның 80 пайызы - әйелдер мен балалар. Ал көмекке мұқтаж көптеген бала Мьянма елінің Ракхайн штатының солтүстігінде қалған. Ол жерді ел әскері күшпен басып алған», - делінген ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Энтони Лейктің жазбаша мәлімдемесінде.
Ол, сондай-ақ, ЮНИСЕФ-тің Ракхайн штатының солтүстік өңірлерінде жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғанымен, рохинджа балаларына көмек көрсетуін арттыра түскенін айтады. Оларға ұйым азық-түлік, ауыз су және гигиеналық заттар үлестіріп жатыр.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өңірдегі ахуалға алаңдаушылық білдіріп, Мьянма билігін рохинджаларға азаматтық немесе басқалай құқықтық статус беруге шақырды.