Аталған елдегі ЮНИСЕФ өкілі Сүлейман Диабатенің мәлімдеуінше, тым тығыз орналасқан қосындар мен судың сапасыз болуы және санитарлық ахуалдың нашарлығы балалар үшін аса қауіпті. БҰҰ балалар қорының хабарлауынша, бұл елде қызылша дертіне шалдығу жағдайлары тіркелген. Ел астанасы Банги әуежайында 100 мыңға жуық мәжбүрлі қоныс аударушылар пана іздеуде. Бұл елде христиан және мұсылман жасақтарының арасындағы қақтығыстар жалғасып жатыр.
13:44, 09 Қаңтар 2014
ЮНИСЕФ: Орталық Африка республикасы әлеуметтік дағдарыс алдында тұр
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - ЮНИСЕФ-тің ескертуіне қарағанда, өткен жылы мемлекеттік төңкеріс орын алған Орталық Африка республикасы әлеуметтік дағдарыс алдында тұр.