Юнус-Бек Евкуров тілге келді

МӘСКЕУ. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат - Жасалған қастандықтан кейін емделіп жатқан Ингушетияның президенті Юнус-Бек Евкуров тілге келді. Бұл жөнінде РФ денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

«Дәрігерлер Евкуровты емдеу үдерісінің ойдағыдай жүріп жатқанын атайды. Ол трахеостомикалық түтікті алып тастағаннан кейін тілге келе бастады», - деді РФ денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми өкілі.