НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Юрий Польский Азия теннис федерациясының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, осылайша еліміздің құрлық теннисінің дамуына қосқан үлесі мойындалып отыр.
«Қазақстанда халықаралық турнирлердің көптеп ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтуі нәтижесінде мен Азия теннис федерациясы кәсіпқой теннис комитетінің төрағасы болып тағайындалдым. Сонымен қатар қаржылық білімім болғандықтан, ATF қаржы комитетінің құрамына кірдім. Оған қоса Орталық Азиядағы теннисті дамыту жөніндегі жұмыс тобының төрағасы боламын. Бұл осы аймақ елдерінің одан әрі жақындасып, тығыз жұмыс жасауына септігін тигізеді деген ойдамын», - деді Ю.Польский.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық үш теннисшінің Аустралия ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына шыққанын, Елена Рыбакинаның жарақатына байланысты Сидней жарысын жалғастыра алмағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).