Олар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ұлт Жоспары - бес институттық реформаны» жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» аясында, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты туындаған сауалдарға кеңінен тоқталып өтті. Саланың соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, медицинадағы әлемдік тәжірибелерді тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Юрий Пя 59 жастағы қызылордалық науқастың жүрегіне жаңашыл ота жасаса, Серік Ақшолақов 15 науқасқа кеңес берді.
Шара соңында, Еңбек Ерлері «Қызылорда облыстық медицина орталығының Құрметті мүшелігіне» қабылданды.
«Құрметті мүшелікке» қабылданған алтын қолды дәрігерлер алдағы уақытта облыстық медицина орталығына тұрақты түрде әріптестік қолдау жасайтындықтарын мәлімдеді.