Юрий Пя Президентке кардиологиялық ғылыми-зерттеу мекемесін құру жоспарын айтты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысынаорталықтың ағымдағы жұмыс нәтижелері мен жетістіктері, алдағы дамумүмкіндіктері жөнінде мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Ю.Пя Президентке жұмыс істеп тұрғанорталықтың негізінде ірі ғылыми-зерттеу және білім беру мекемесін құру жоспарытуралы айтты. Аталған жоба халықаралық серіктестермен бірлесе отырып жүзегеасырылады.

Қазақстан Президенті орталықтың дамуына ұдайы қолдаукөрсететінін айтып, еліміздегі медициналық қызметтердің сапасын арттырып,қолжетімді ете түсудің өте маңызды екенін атап өтті.