«Мен Юрмаладағы Жаңа толқын байқауының финалына шықтым. Ел намысын лайықты түрде қорғауға бар күшімді саламын және сіздерден қолдау күтемін», - деп жазды өнерпаз. Тәжірибесі мол әнші бұған дейін "Славян базары" фестиваліне, "Ереван шақырады" байқауына қатысып, екеуінде де үшінші орынды иеленген болатын. Ендеше біз де отандасымызға сәттілік тілейміз!
01:34, 23 Сәуір 2014
Юрмаладағы «Жаңа Толқын» байқауында Қазақстанның намысын Әлішер Каримов қорғамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Әлішер Каримов Юрмаладағы «Жаңа толқын» байқауының финалына өтті. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.