Ющенко ТМД саммитіне қатыспайтын болды

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Ющенко Грузия құрамынан ресми шыққан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының саммиттеріне бұдан былай қатыспау туралы шешім қабылдады,

деп   хабарлайды  Utro.ru  сайты.

Атап айтқанда,   дерек көздердің  айтуынша, Виктор Ющенко     қазанның 9-ында Кишинэуде  өтетін  Достастық саммитіне  бармайтын болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы тамыздың 18-інде Грузия Достастық аясынан ресми шығып  отыр.