Осылайша «Ювентус» Конференция лигасы – 2023/2024 ойындарынан тыс қалып отыр. Бұдан бөлек, 20 млн еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Еске салайық, Турин командасын еурокубоктардан шеттетуге себеп – УЕФА 2022 жылдың желтоқсан айында бастаған тексерулердің нәтижесі. Онда дау тудырған клубтың баланс есептері қаралып, қаржылық фэйр-плей ережелерінің бұзылғаны анықталған.
«Ювентус» өткен маусымда чемпионатта 62 ұпай алып, жетінші орынға орналасқан болатын. Туриндік команда Конференция лигасы – 2023/2024-те ойнауы тиіс еді. Чемпионат барысында олардан 10 ұпай алынып тасталды. Команда Чемпиондар лигасынан топтық кезеңде шығып қалды. Еуропа лигасында жартылай финалға дейін жетті. Ал Италия кубогында жартылай финал сатысында өнерін аяқтады.