Туриндегі алғашқы кездесу 3:0 есебімен «Ювентустың» жеңісімен аяқталды. Франция атынан шыққан «Монако» футбол клубы өз алаңында германиялық Дортмунд «Боруссиясынан» басым түсті.Команда құрамында Килиан Мбаппе (3-ші минутта), Радамель Фалькао (17) гол салды. Соңғысы үшін бұл Еуропа Кубогындағы 50-ші ойын болып отыр. Валер Жермен 81 минутта гол салып, ерекшеленді.
Жеңіген командадан Марко Ройс (48) гол салды. Ал, 18 жасар Мбаппе Чемпиондар лигасында 5 гол салған ең жас футболшы болып отыр. «Боруссия» Чемпиондар лигасындағы өзінің 100-ші матчын өткізді. Дортмундта өткен командалардың кездесуі де «Монаконың» (3:2) жеңісімен аяқталды.