Атақты футболшының әкесі Буэнос-Айрестен 20 шақырым жерде орналасқан Морон қаласында ұрланды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Қылмыскерлер шабуыл жасағанда ол көлігінде отырған. Алдын ала болжам бойынша, қаскүнемдер оның Тевестің әкесі екенін білмеген. Бұл туралы белгілі болған соң олар талап еткен қаржы көлемін ұлғайтқан.
Аргентиналық ТВ хабарлағандай, қылмыскерлер телефон арқылы Италияда жүрген аргентиналық футболшымен байланысып, оның тірі екенін білдіру үшін әкесімен сөйлесуге мүмкіндік берген.