«Жоғарыда аталған кооперативтің аумағында келесі құрылысшылардың әлеуметтік, мәдени және тұрғын үй мақсатындағы нысандарын жобалауға және салуға рұқсат берілген: «Жас Отау 2007» ТҮК», «Балан 1» ЖШС, «Астана қаласының тұрғын үй саясаты құрылысы басқармасы» МК. Бұл ретте егер құрылыс нысандарын орналастыруға арналған аумақта сүрілуге немесе қоныс аударуға жататын жылжымайтын мүлік нысандары, инжерелік коммуникациялар мен жасыл желектер орналасқан болса, онда компания (құрылыс жүргізетін компания) 44-баптың 6-тармағына сәйкес жер телімін беру үшін талап етілетін келісімді өз бетінше қамтамасыз етуі тиіс», - деді әкімдіктен редакцияның ресми сауалына орай.
Сонымен қатар, «құрылыс жүргізетін компания бір жылжымайтын мүлік иесімен шарт және меншік иесінің шығындарын өтеу туралы келісімшартты қосымша ұсынуы қажет» делінген жауапта. Шартта нысанның инженерлік коммуникациясы және жасыл желектің көшірілу шарттары мен мерзімі, нысанды көшіруге байланысты барлық шығындар құрылыс компаниясының міндетіне жататындығы нақты көрсетіледі.
«Бұған қоса, қазіргі уақытта «Южный» гараж кооперативінде мемлекет қажеттілігі үшін жер телімін мәжбүрлі түрде алуға қаржыландырудың жоқ екенін атап өтеміз. Осыған байланысты Астана қаласының құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы және оның ведомстволық ұйымдары жер телімін алу жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ», - деп атап өтті әкімдіктен.
Иллюстрациялық фото