З.Дияс Ухань турнирінің екінші айналымына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Ухань қаласында жүлде қоры 2 млн. долларды құрайтын «2014 Dongfeng Motor Wuhan Motor» (WTA сериясы) турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Додада бақ сынап жатқан қазақстандық теннисші Зарина Дияс жарыстың бірінші айналымында чехиялық Клара Коукалованы 6:4, 6:7 (1), 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Екінші айналымда жерлесіміз неміс қызы Анжелика Керберге қарсы тұрмақ.