З. Ибрагимович биылғы «Алтын допты» Санта-Клаусқа беруді ұсынды

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Футбол алаңында және одан сырт жерлерде өзінің қалыпқа симайтын қылықтарымен аты шыққан Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович үздік жыл футболшысына берілетін «Алтын доп» жүлдесін Санта-Клаусқа бере салуды ұсынды.

«Алтын доп» сыйлығына үміткерлер тізімінде болған Ибрагимович, жүлдеге үміткер үштікке іліге алмай қалған соң осындай «жомарттық танытты». Енді жүлдеге тек Лионель Месси, Криштиану Роналду және Франк Рибери таласатын болады.

«Алтын допқа» келсек, менің ойымша үш үміткер де бұл сыйлыққа лайық, сол үшін «Алтын допты» Санта-Клаус алуы керек», - дейді Ибрагимович. Бұл туралы goal.com сайтына сілтеме жасап «Қазақстан» ұлттық арасы хабарлайды.