Облыстық полиция департаменті хабарлама түскен бойда оны жедел түрде іздестіруге кіріскен.
Іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылды.
— Нәтижесінде жоғалған ер адамның мәйіті жайылым аумағынан батысқа қарай шамамен 800 метр жерден табылды. Алдын ала тексеру барысында мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр, — делінген хабарламада.
Ал жақында Түрксіб ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінде ер адамның денесі табылды.