З. Юлдашев: Президент сайлауын өткізу - әлемдік дағдарысқа төтеп берудің бірден-бір жолы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын толықтай қолдаймыз. Бүгінде әлемде болып жатқан қиын кезеңде бізге тұрақтылық керек. Оған кепіл болатындай қадам жасауымыз керек.

Оған кепіл болатындай қадам жасауымыз керек. Бұл - уақыт талабы,-деген пікірін білдірді «Егемен Қазақстан» басылымында «Жамбыл облыстық азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Заитжан Юлдашев.

«Жалпы алғанда, президенттік сайлауды биыл өткізу - әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа төтеп берудің бірден-бір жолы деп есептеймін»,-дейді ол.