З0-дан астам сотталушы жерасты туннелі арқылы түрмеден қашып кетті

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - З0-дан астам сотталушы жерасты туннелі арқылы түрмеден қашып кетті. Бұл оқиға Бразилияда болды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Ұзындығы 30 метр, ені 70 сантиметрлік туннель желдеткішпен және жарықпен де жарақтанған. Сотталушылар қазылған жердің топырағын қапқа салып, кереуеттерінің астына жасырған.

Әзірге қашқындарды іздеу нәтиже берген жоқ, олардың біреуі ғана қолға түсті.