«Жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де берілген мәліметтерге қарағанда, Забайкальеде 142 мың гектар жерге таралған 40 өрт ошағы өршіп тұр. Соның ішінде 11-і (16,5 га) ауыздықталды. Өрт сөндіруге арасында 389 парашютші десантшылар бар 1,2 мың адам қатысып, 192 техника бірлігі жұмылдырылған», - деп нақтылады ведомствода.
Орман өрті Забайкальенің 12 ауданын жайлаған. Ең көп зардап шеккен Чита ауданы болды, онда 17 өрт оқиғасы тіркелді.
Забайкалье ормандары 19 наурыздан бері өртеніп жатыр.