Забайкальеде орман өрттерінің салдарынан адамдар көшірілуде

ЧИТА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Ресейдің Забайкалье өлкесіндегі орман өрттерінің салдарынан құтқарушылар 300-ге жуық адамды қауіпсіз жерге көшірді.

Олардың 263-і - ақыл-ойлары кеміс балаларға арналған интернаттың адамдары, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Өрт өлкедегі Петровск-Забайкальский қаласының аумағында орналасқан Сибиряково кентіндегі тұрғын үйлерге жетті. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша, тілсіз жау 2 мың гектардан астам орман алқабына жайылып отыр, от жалыны секундына 25 метр жылдамдықпен соққан желдің екпінімен Чита-Иркутск федералды тас жолынан асып, тұрғын үйлерге тиген.