Зәбір көрген 27 әйел Атыраудағы дағдарыс орталығын паналады

Фото: Фото: Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысында 10 айда әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге байланысты 3087 хабар түскен. Ал дағдарыс орталығына отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған 27 әйел мен 68 бала орналастырылған.

Атырау облыстық полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Райса Айтжанованың мәліметінше, биыл әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету дерегі былтырғыдан 1 мыңға азайған. 

«Біздің басты міндетіміздің бірі — әйелдер мен балаларды отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғау. Болуы ықтимал осындай деректердің алдын алу үшін профилактикалық іс-шара өткізіліп, кеңес беріледі. Мәселен, біздің инспекторларымыз 324 әйелге консультациялық көмек көрсетті. Жыл басынан бері дағдарыс орталығы жыл басынан бері 96 адам орналастырылды. Оның ішінде 27 әйел мен 68 бала бар», — деп хабарлады Райса Айтжанова.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесінің заңгері Бекболат Тайжановтың пікірінше, қоғамның әр мүшесі зорлық-зомбылықты алдын алуға атсалысуы қажет. 

«Отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әр адам арнайы органнан көмек сұрауға арланбағаны жөн. Тіпті туыстары осындай қиындыққа тап болса да үнсіз қалмау керек. Зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету — әр адамның міндеті. Әсіресе, әйелдер мен балалардың қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін күш біріктіргеніміз жөн», — дейді Бекболат Тайжанов.

Заңгердің айтуына қарағанда, отбасында зәбір көрген әйелдер мен балалар арнайы орталықтың медици қызметкерлерінен, заңгер мен психологтарда кеңес алуына болады. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда зорлыққа ұшыраған қыз көмек сұрағанын болатынбыз.