Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінен хабарлады.
«Петропавл қаласының зағип жандар қоғамдастығының өкілдері ескі әндерді орындады. Мүмкіндігі шектеулі жандар жазасын өтеушілерге ата-ана үйі, отбасы және жақын жандар туралы әндер айтты», - деп атап өтті ЕС-164/3 түзету мекемесінің психологі Татьяна Романенко.
«Мұндай кездесулер сотталғандар үшін позитивті көңіл-күй береді. Бостандығынан айырылуымен байланысты психологиялық және моральдық қиындықтардан өтуге септеседі», - деп қосты ол.