«Қолыңнан келгенін істе және мүмкіндігіңнің көкжиегін кеңейт»,-деп жазылған аталған ер азаматтың Инстаграм парақшасында.
Ол Астанаға спорттық шараны ұйымдастырушылардың шақыруымен келген. «Айтбек Ауылбаев 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті»,-дейді ұйымдастырушылар.
Мәре сызығын қиып өткеннен кейін Ауылбаев өзінің фотосуретін әлеуметтік желіге орналастырып, «осы қашықтықты еңсеруге қауқарлы болғанымызға өте қуаныштымын» деп жазған екен.