Зағипа Бәлиева Алматыдағы Балаларды ерте оңалту орталығына барды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Зағипа Бәлиева Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Балаларды ерте оңалту орталығына барып, ондағы еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесубарысында Мәжілістің негізгі заң шығарушылық қызметі, мемлекеттікбағдарламалардың іске асуы жайы баяндалып, міндетті әлеуметтік сақтандыруғақатысты мәселелер көтерілді.

Іс-шараға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен қалалық мәслихат депутаттары, партияның қалалық филиалының өкілдері және тағыбасқалары қатысты.

Ұйым қызметкерлері өз тарапынан денсаулық сақтау саласындағы ақпараттықжүйелер, қоғамдық көлік мәселесі, баспанамен қамтамасыз ету және жалақы мәселесінеқатысты сауалдарын қойды.

«Жұмыс сапары аясында біз Балаларды ерте оңалту орталығына келдік. Бұлоңалту орталығы балаларымызға өте қажет. Алматының өзінде осындай төрт орталықбар. Сұрақтарды «Nur Otan» партиясымен бірлесе қарастырып, орталық аппаратқажолдаймыз және Мәжілісте, үкімет аясында көтереміз. Орталықта 65 бала бар,жағдайлары жақсы. Міндетті түрде тек қана қалада емес, аймақтарға да барыпжүрміз. Сайлаушыларға барған кезде түрлі сұрақтар туындайды. Әсіресе,әлеуметтік төлемдер, жер, баспана мәселесі көтеріледі. Былтыр денсаулық саласында жалақы 30 %-ғакөтерілді. Енді мұғалімдерге жағдай жасалып жатыр. Олардың жалақысы 4 жылдыңішінде екі есеге көтерілетін болады», - деді З. Бәлиева. Сондай-ақ,кездесуде балалардың кешенді көмек алуға мүмкіндігі болуы үшін осындайорталықтардың көпсалалық бағытқа ауысуы қажет екендігі аталып өтілді.

Кездесу соңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтаубасқармасы басшысының орынбасары А.Бисенбаева және орталық директоры Н.Төлекова ұжым атынан З.Бәлиеваға орталыққа келіп, әлеуметтік және денсаулықсақтау салаларындағы реформаларды түсіндіргені үшін алғысын білдірді.

Айта кету керек, орталық 75 балағаарналған. Балалар 15 күннен ем алып, оған 3-тен 7 жасқа дейінгі балаларқабылданады. Орталықта медициналық қызметкерлерден басқа балалармен ұстаздар,логопедтер мен психологтар жұмыс істейді. Сонымен қатар, орталықта арнайы сенсорлы бөлмеде сөйлеу қабілеті төменбалаларға жеке және топтық сабақтар ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар