Медициналық жоғары оқу орындарының үдерісі модернизацияланғанын еске салып өткен ол, осы ретте педиатрия факультеті емдеу факультетімен біріктірілгенін атап өтті.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде З. Балиева осымен келіспейтінін жеткізді.
Оның пайымынша, дәрігер педиатр бес жыл оқу барысында ересек адамды емес, баланы емдеуге білімін шыңдауы тиіс. Кез келген педиатр ересек адамға ем-дом жасаса да, алайда терапевт баланы емдей алмайды. Себебі, сәбидің ағзасы ересек адамнан өзгеше болғандықтан, бұл бағытта тиісті қадамдар болуы тиіс.
Бұл мәселені депутат Қазақстан xалқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің отырысында көтеріп, қолдауға ие болды. Енді ол бұл проблеманы Үкіметпен және медициналық жоғары оқу орындарымен талқыламақ.