Күдіктілер заңнама талаптарын бұзып, лицензиясыз екі жыл бойы өзен арнасын өзгерте отырып заңсыз алтын өндірген.
Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған.
— ЖШС заңсыз қызметі салдарынан келтірілген тек экологиялық залал 300 млн теңгеден асты. Тінту барысында құны 382 млн теңге құрайтын 6 кг алтын тәркіленді, — делінген ҚМА хабарламасында.
Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Айта кетелік Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы алтын қазушыларға қатысты тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылған еді.