ашаршылықпен, табиғи апаттармен, қоршаған ортаның ластануымен, халықаралық лаңкестікпен және қылмыстармен күресуге жұмылдыратын кез келді.
Бұл туралы Алматы жұртшылығымен болған кездесуде Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл мәлім етті.
Оның айтуынша, экономикалық дағдарыс кезінде адамдар табиғат апаты және катаклизмдер сияқты қатерлі өмірлік қиындықтармен жиі кездеседі. «Жаңалықтар Гаитидегідей апаттың жүрек ауыртар мән-жайларын бізге жеткізіп отыр. Ол елдің қандай тозақта өмір сүріп жатқанын ойлаудың өзі қиын», деп атап көрсеткен Патриарх, барлық проблемалардың шешімі - ынтымақтастық пен диалог екенін айтты.
Ынтымақтастықты ұйымдастыру мәселелері, іріткі салушы секталармен күресудің тетігі ретінде Шіркеудің ішінде маңызды. Осыған байланысты Патриарх, Әлем және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съездерін өткізу туралы Қазақстан Президентінің тамаша бастамасын атап көрсетті.