Заманауи әлемдік үдерістер Еуразия құрлығында қауіпсіздіктің біртұтас жүйесін жасауды талап етеді - Д.Назарбаева
Қатысушылар халықаралық қауіпсіздіктің ағымдағы проблемаларын, соның ішінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау туралы бастамасы мен оны таратпауға қосқан үлесін талқылады, қазақстан-ресей қатынастары дамуының перспективалары әңгіме болды.
«Экономикадағы, саясаттағы және әскери саясаттағы заманауи әлемдік үдерістердің дамуы аймақтық деңгейде ғана емес, тұтастай Еуразия құрлығында қауіпсіздіктің біртұтас жүйесін жасауды қажет етеді», - деп атап өтті Д.Назарбаева.
«Біз бүгін әуел бастан-ақ бұрынғы кеңестік кеңістіктегі осындай ықпалдастық туралы алғашқы болып көтерген біздің Президентіміз екеніне баса назар аударғымыз келеді, - деп қосты қор директоры. - 16 жыл бойы оның дамуы АӨІСШК, ҰҚШҰ және ШЫҰ сияқты бірқатар ықпалдастық бірлестіктерінің белсенді қызметінде көрініс тапты».
«Біздің түсінуімізше, Еуразиялық және қауіпсіздік проблемасы - бұл тек қана бұрынғы кеңестік республикалардың қауіпсіздігі және олардың ықпалдасқан өзара қимылы емес, сондай-ақ осы кеңістік шегінен шығып, Қытай, Үндістан және тұтастай алғанда оңтүстік-шығыс азиялық аймақтың маңызды күш орталықтарын одақтас етіп алу», - деді Д.Назарбаева.
Шараға халықаралық қатынастар және жаһандық қауіпсіздік проблемалары саласындағы жетекші қазақстандық және ресейлік сарапшылар, РФ зерттеу мекемелерінің басшылары, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік ведомстволарының өкілдері қатысты.