«Елорданың бұрынғы атауы бүкіл әлемге танымал болды. Ол айтуға жеңіл еді. Заманауи қалалар үшін қарапайым атауларды таңдаған дұрыс. Астана - еуропалықтар мен азиялықтар үшін де түсінікті болатын. Бұл - әдемі атау», - деп атап өтті сәулетші.
Айта кетейік, Сағындық Жанболатов бас шаһардың құрылысына белсенді қатысқан cәулетшілердің бірі.
«Қаланы біз бәріміз салдық. Құрылысшылар мен сәулетшілер елорда құрылысына белсенді қатысты. Қала өте сұлу. Біз елорда құрылысына үлкен ынта қойдық. Сондықтан барлығы есте қалды», - деді Сағындық Жанболатов.
Еске салайық, бүгін депутаттардың елордаға Астана атауын қайтару ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.
Фото: massaget.kz