«Қазақстан Тәуелсіздігін жариялап, Констиуциялық заң қабылған 25 жылдың ішінде өзін демократиялық, зайырлы, құқықықты және әлеуметтік мемлекет ретінде танытты. Осы уақыт аралығында көптеген заң қабылданды. Олар еліміздің дамуына септігін тигізіп келеді. Сол құқықтық актілердің қатарында «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдар да бар. Бүгін біз әлемдегі заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы тәжірибелер мен жетістіктерді туралы ойларымызбен бөлісетін болатынбыз», - деді шара жұмысын ашқан ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрінің орынбасары Айгүл Шиманова.
Сонымен қатар ол елімізде қоғамдық бақылау институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды квазимемлекеттік және жеке меншік секторда жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын баса айтты.
Өз кезегінде Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов мемлекеттік аппаратта халық атынан билік жүргізіп, ортақ мүлікті басқару мүмкіндігін алғаннан бастап, осы өкілеттік пен қаржыны салық төлеушілер мен халықтың игілігіне адал және әділ пайдалану әрдайым өзекті мәселе болып отырғандығын атап өтті.
«Сол себепті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, осы келеңсіз үдерістердің алдын алу - барлық мемлекеттер үшін өзекті іс. Бұл бағыттағы шаралар әлемдегі озық жетістіктермен қатар нақты мәдени, тарихи ерекшеліктерді, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейді ескеру тиіс. Сондықтан да заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тетіктерін зерделеп, оның ішіндегі қажеттісін Қазақстанда пайдалану, мемлекеттік аппарат алдындағы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған міндеттерін жүзеге асыруда өте маңызды іс болып саналады», - деді ол.
Конференция жұмысы барысында жемқорлықтың алдын алудағы отандық және халықаралық тәжірибе зерделеніп, Германия, Ресей, Сингапур және Грузия елдеріндегі сыбайлас жемқорлық жасау мүмкіндіктер мен шарттарын жою тәжірибесі талқылануда.