Замбия президенті әйелдер қауымын құттықтап тұрып, есінен танып құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттақтау кезінде Замбия президенті Эдгар Лунгу есінен танып қалды. Бұл туралы ТАСС агенттігі президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

Дәрігерлер Замбия көсемінің безгек ауруына шалдыққанын анықтады. Сусақ дертімен ауыратын Лунгуды оққағарлары дер кезінде ауруханаға жеткізді. Есін жиған президент өзін жақсы сезінетінін айтып, азаматтарды байбалам салмауға шақырды.