Аталмыш қызмет түрі әйгілі әл-Харам мешітінің бас имамы Абдул Рахман әл-Судейстің мақұлдауымен ресми түрде іске қосылды, деп жазады muslim.kz. Телефон арқылы тапсырыс бергендерге тез арада жеткізіліп отыратын зәмзәм суы арнайы ықшамдалған құтыларға құйылып, тасымалданатын болады. Шаһардағы қасиетті қос мешіттің басқарушысы Ахмед әл-Мансуридің айтуынша, құтылардағы құтты су қажылыққа келгендерге дүйсенбі және бейсенбі күндері таратылып отырады. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың Рамазан айы бойы тарату жұмыстары көзделіп отыр.