«Кеше, 19 желтоқсанда, Қазақстан елшілігінің жәрдемімен Алматыға 18 азамат жіберілген. Қалғандары бүгін ұшады», - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосынан.
ҚР СІМ атап өткендей, Қазақстанның барлық азаматтары - ОҚО тұрғындары. «Олардың басым бөлігі заңсыз қызметпен айналысу мақсатында Оңтүстік Кореяға бармақшы болған», - деді Жайнақов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 18 желтоқсанда, 23 қазақстандықты Оңтүстік Кореяға өткізуден бас тартқан. ҚР азаматтары Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайында қалуға мәжбүр, себебі олар Алматыдан ұшып келгеннен кейін жергілікті көші-қон полициясы елге кіргізбеген.
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға турист ретінде барғандықтарын айтуда. Алайда корей көші-қон полиция қызметкерлері оларға сенбеген.