Заң мен тәртіп қоғамымыздың негізі болады — Тоқаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Заң мен тәртіп қоғамымыздың негізі болады. Бұл туралы БҰҰ Бас ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президенті ретіндегі ұстанымым – әрбір азамат тең мүмкіндіктерге ие әрі құқығы қорғалған Әділетті Қазақстанды құру. Менің елімде әділдік салтанат құруы керек. Заң мен тәртіп қоғамымыздың негізі болады. Бұл жолдың ең маңызды бөлігі – трансформациялық саяси реформалар. Алдағы айларда Қазақстанда президент және парламент сайлауы өтеді. Мен Президент өкілеттігін жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсындым. Бұл – Қазақстанда демократияны дамытудағы нағыз серпіліс. Осы ретте «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» деген менің формуламды қатаң ұстанамыз. Бұл формула Қазақстанның ұлттық мүдделеріне толық сәйкес келетініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.