«Заңнамалық қызмет құқықтық реттеу және қоғамды басқару бағытындағы маңызды орынға ие. Бұл ретте заң шығарушылық үрдістің мәдениеті мен деңгейі, сондай-ақ қабылданатын нормативтік-құқықтық актілер сапасы қоғам өркениеттілігі мен мемлекеттегі демократияның даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады», - дейді Сенаттың Конституциялық заңнама, сот және құқықтық реформа комитетінің төрағасы, сенатор Серік Ақылбай. Оның айтуынша, Қазақтанда қоғам өмірінің барлық маңызды салаларында туындайтын құқықтық қарым-қатынастарының 250-ден астам заңдар, 17 кодекстер мен 10 конституциялық заңнама бар.
«Жалпы заңнаманың өзі және заң шығармашылығы үздіксіз жетілдіруді талап ететіні белгілі. Мәселен, депутаттар тарапынан заң шығармашылығы сапасының қызметін арттыру жайы ұдайы көтеріліп келеді. Осы үшін Үкіметтің заң жобалаушылық қызметін жетілдіру мәселесін шешу, заң жобалары мен олардың тұжырымдамаларын ғылыми сараптауды ұйымдастыруға көзқарасты түбегейлі өзгерту, сондай-ақ заң мәтініндегі аударманың түпнұсқаға мазмұны тең болуын қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар керек», - дейді С. Ақылбай.