Заң жобалары сапалы және уақытында қаралады - Сенат депутаты Г.Ким

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттің құқықтық іргетасын одан әрі жетілдіре түсуге мүмкіндік беретін Қазақстан Конституциясының 20 жылдығын өткен күндерде барша қазақстандықтар жоғары табыстармен атап өтті, деді Сенат депутаты Георгий Ким бесінші шақырылымдағы Парламенттің бесінші сессиясының ашылуында.

"Осы орайда Парламентке таяуда түсетін елуден астам заң жобасы Мемлекет басшысы жария еткен бес институттық реформасын іске асыруды көздейтін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталып отырғанын атап өткім келеді. Депутаттық корпустың, Парламент аппаратының жоғары кәсіби біліктілігін ескере отырып, заң жобалары сапалы және уақытында қаралатыны күмәнсіз", - деді сенатор.