Заң жобасы екінші оқылымда талқыға шығарылады

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен Бюро отырысында заң жобаларының дайындығы қаралды.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұсынуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда Палатаның талқысына шығарылатын болды.