«Қазіргі кезде Парламент Мәжілісінде атом энергетикасын пайдалану туралы заң жобасы қаралып жатыр. Бұл жоба бойынша депутаттардан өте маңызды ұсыныстар келіп түсті»,-деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, осы заң жобасы 1 жылдан астам уақыт Парламент қарауында жатыр. «Ең соңғы ескертулердің бірі - ол атом саласын реттеуші органды құруға байланысты болды. Таяу күндері бұл мәселе шешілді. Бұл заң жобасы қабылданса атом саласы мен энергетика қарқынды түрде дамиды деп есептейміз»,-деп атап өтті Д. Тұрғанов.