деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік әкімшілік органдарының бақылауы мен қадағалауы бір жағынан мемлекеттік басқаруды, екінші жағынанан заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерін білдіре отыра, институционалдық ұйымдастыру және осы қызметтің мазмұны жағынан да және тексерушілер мен тексерілетіндердің тікелей байланыстар жағынан да қашан да әкімшілік заңнамалық өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Көрсетілген қызмет қашан да билік өкілеттіктерінің байқалуымен, бақылаудағы және қадағалаудағы субъектілер үшін белгілі бір құқықтық салдарлармен байланысты, бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жорамалдайды.
Осы заң жобасымен мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметінің жалпы мәселелерін реттеуге және оның негізгі қағидаларын белгілеуге бірыңғайлы құқықтық негіз қалыптастыру көзделеді. Бұл ретте құқықтық реттеу жеке салаларының спецификасын ескере отырып, мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізудің ерекшеліктерін салалық заңнамалық актілерде қалдыру ұсынылды.
Заң жобасымен бақылау және қадағалау түрлері белгіленді, бақылауға (қадағалауға) жататын субъектілерге тексеруді жүзеге асыру мәселелері реттеледі.
Бұдан басқа, құқық қолдану тәжірибесінде бірыңғайлы түсіну қамтамасыз ету мақсатында, заң жобасының шеңберінде бақылау және қадағалау ұғымдарын ажырату жүргізілді.
Заң жобасының мазмұны мен тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне қайшы келмейді.