деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Владимир Бобров кіріспе сөзінде заң жобасының маңызды екенін, көлік саласын реттеу үшін бірқатар заңдарға толықтырулар енгізу қарастырылып отырғанын жеткізді. Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі Аманғос Өтегенов аталған заң жобасында әуе, темір жол және су көлігі салаларын реттеу үшін толықтырулар енгізілетінін, депутаттардың ұсыныстары қабылданатынын айтты.
Заңға енгізілетін толықтырулар туралы ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбек баяндама жасады. Осы заң жобасымен Жер кодексіне, Су кодексіне, сондай-ақ «Автомобиль жолдары туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Байланыс туралы», «Ішкі су көлігі туралы», «Лицензиялау туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулер енгізу көзделген.
Сол секілді автомобиль жолдарының сақталуы және оларды салу бойынша шығындарды қысқарту жөнінде шаралар қабылдау, тасымалдау процесіне қатысушылардың арасындағы өзара пайдалы қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау көзделген.
Қолданыстағы заңнамада кездесетін кемшіліктер мен қайшылықтар да жойылатын болады.
Отырыста депутаттар баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойып, кейбір баптар бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Заң жобасы алдағы аптада жұмыс тобы отырысында одан әрі талқыланатын болады.