12:34, 17 Наурыз 2009
Заң жобасының негізгі мақсаты ? тұрғын үй құрылысына өз қаражатын құйған үлескерлердің құқықтарын қорғауды арттыру
АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқыға шығаруға дайындады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Парламенттің екінші сессиясын ашарда Мемлекет басшысы осы заң жобасының үлестік тұрғын үй құрылысына қатысатын азаматтар үшін маңызды екенін атап көрсетті. Сондықтан заң жобасының негізгі мақсаты тұрғын үй құрылысына өз қаражатын құйған үлескерлердің құқықтарын қорғауды арттыру болып табылады.
Мәжілістің жұмыс тобынының шеңберінде жұмыс тобына мүше депутаттар заң жобасына үлескерлердің қорғалуын күшейту мақсатында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатысушыларды көбейту ? заң жобасы бойынша құрылыс процесіне екі тарап ? құрылысты салушы мен үлескер ғана қатысатын болса, жұмыс тобының шеңберінде енгізілген түзетулер бойынша қатысушылар саны төртке дейін көбейтілді. Олар ? құрылыс салушы, жобалау компаниясы, үлескер және банк-агент.Құрылыс салушы, жобалау компаниясы, үлескер мен банк-агент арасында Үкімет бекіткен үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда төрт жақты шарт жасалады, ол жергілікті атқарушы органдарда есепке алынуға жатады.
Құрылыс салушы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген мерзімде тұрғын жайдың салынуын ұйымдастыруға және құрылыс объектісі көрсеткіштері сапасының кепілдік мерзімі бойына сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.Жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта белгіленген мерзімде тұрғын жайды салуға және оны пайдалануға беруге рұқсат алғаннан кейін үлескерге тұрғын жайдағы тиісті үлесін беруге міндеттенеді.
Мәжіліс депутаттары енгізген заң жобасының тұжырымдамасын өзгеріске ұшырататын түзетулерге Үкімет оң қорытындысын берген. Заң жобасымен жұмыс барысында жұмыс тобына 100-ден астам ұсыныс келіп түскен.