«Заңдастырылған көлік иелері шетелдік нөмірмен жүрген кезде өздеріне айыппұл салынбайтынын біліп, жол ережесін жиі бұзған болса, сол кездегі заңсыздықтары үшін айыппұл саласыздар ма?», - деп сұрады журналист.
Қайсар Сұлтанбаев жол ережесінің бұзылғанын тіркейтін арнайы құрылғыларда қалған мәліметтер әрдайым өзекті екенін айтады.
«Егер біздің жол ережесінің бұзылғанын тіркейтін арнайы құрылғыларда заңсыздық тіркелген болса және ол заң бұзу әрекетінің мерзімі өтіп кетпеген болса, жауапкершілікке тарта аламыз. Бізде ондай база бар. Қазір сізге ондай заңсыздықтардың нақты санын айта алмаймын», - деді комитет төрағасы.