«Елбасының тапсырмасы аясында, капиталды жария ету акциясы нәтижелі аяқталды. Заңдастырылған мүліктің мөлшері алдын ала жоспарлаған болжамнан әлдеқайда көбейіп, 5,7 трлн. теңгені құрады», - деді Сұлтанов.
Сұлтановтың айтуынша, заңдастырудың артық жоспары дағдарысқа қарсы шаралар мен салықтық әкімшілік деңгейін көтеруге бағытталған шаралардың арқасында қол жеткен. Қаржы министрінің айтуынша, ведомствоның ендігі мақсаты одан әрі мониторинг жүргізу және бюджеттің орындалу рәсімдерін ықшамдау, әкімшілік кедергілерді қысқарту және салықтық әкімшілікті жақсартуға саяды.