ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы
2013 жыл 27 ақпан №68 Астана қаласы
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылгы 17 сэуірдегі және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау үшін, бұйырамын:
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылдың 11 шілдесінде № 104 (1307) жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Занды тұлға мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен.өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Әділет министрі Б.Имашев.
ҚР Әділет министрлігінде 2013 жылғы ақпанда бекітілген.
№ 8346
Қосымшалардың мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланды.