Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге қатысты заң жобасы депутаттардың талқысына шығаруға дайын

АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарды.

Енді бұл заң жобасы Палатаның талқысына шығаруға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы заң жобасында «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкепшілігі бар серіктестіктер туралы» заңдарға түзетулер енгізу ұсынылған.

Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар ұйымдық-құқықтық нысанына және олардың негізінде заңды тұлға өз қызметін жүзеге асыратын құрылтайшылық құжаттар түріне қарай заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мерзімдерін саралауға бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді.

Депутаттардың енгізген толықтырулары негізінде жасалған салыстырма кестеде 9 түзету беріліп отыр. Түзетулердің барлығы жұмыс тобында және комитет отырысында қабылданған.