Заңды тұлғаларды тіркеу құзыры «Азаматтарға арналған үкіметке» берілді

Фото: None
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына заңды тұлғаларды тіркеу функциясы өтті. Бұдан бұрын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған құжаттар өңдеу үшін ҚР Әділет министрлігіне жіберілетін. Бұл туралы facebook-тегі ресми парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

«Енді біз заңдытұлғалардың құжаттарын қабылдап қана қоймай, өңдеп, мемлекеттік тіркеуге қоятынболамыз. Бұл қызметті атқару үшін әділет министрлігінің аймақтық бөлімшелерінен98 қызметкер бізге ауысты, оған қоса біз 197 қызметкерімізді оқытудан өткіздік»делінген хабарламада.

Жаңа енген өзгерістергесәйкес заңды тұлғаларды, атап айтқанда акционерлік қоғамдарды, мемлекеттіккәсіпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік қайта тіркеу, тарату,филиалдар мен өкілдіктерді есептік (қайта тіркеу) тіркеу қызметтері,құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі туралы құқықтық сараптаманымемлекеттік корпорация қызметкерлері жүргізеді.

Сонымен қатар, мемлекеттіккорпорацияның мамандандырылған ХҚО-лар қызметіне өзгерістер енді. 1 шілдеден бастап ондағы ІІМ қызметкерлерінАзаматтарға арналған үкіметтің мамандары алмастырады. Көлікті тіркеуге қою/алу,жүргізуші куәлігіне өтініштерді корпорация мамандары қабылдайды, онда жүргізілетін емтихандарды даавтоЦОН қызметкерлері өткізеді. Өз кезегінде, барлық қабылданған өтініштерІІМ-нің арнайы құрылған бэк-офистеріне өңдеу үшін онлайн түрде жіберіліп отырады.Бұл осы саладағы жемқорлық әрекетін тиып, мемлекеттік қызметтердің сапалы әріжылдам көрсетілуіне әсер етуі тиіс.

«Бұл ауқымды өзгерістермемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне оң ықпал етуі тиіс.Корпорациямыздың құзырына өткен міндеттердің өсуі – бізге деген сенімніңартқаны деп білемін», – деп атап өтті өз парақшасында Әсемгүл Балташева.

Соңғы жаңалықтар