Заңды және жеке тұлғалар мүліктерінің қолды болуы тыйылар емес ? М.Жұманбай

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қаржы полициясы ағымдағы жылдың үш айында сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе оны ысырап етуге қатысты 340 қылмыстық іс қозғап,

оның 165-і сотқа жолданды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл қылмыс бойынша өткен жылдың 3 айында 335 іс қозғалған, ал биыл сәйкес мерзім ішінде сотқа жолданғандары 36 іске артық. Олардан келген шығын 21 миллиард 800 мың теңгені құраған. Қазіргі таңда аталмыш соманың 16 миллиард 700 мың теңгесі қайтарылған. «Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 643 миллион 100 мың теңгені құрап, оның 550 миллион 200 мың теңгесі өндірілген болатын», - деді ресми өкіл. Оның айтуынша, еліміздің заңдары бойынша бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе оны ысырап еткен азаматтар мал-мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал заңды және жеке тұлғалардың мүлкін ұрлауға қатысты келтірілген деректер бойынша, аталмыш қылмыстардың басым бөлігі үлескерлік құрылыс саласымен байланысты болып отыр. «Бұл қылмыстарға қатысты мәліметтерді біз осыған дейін де көпшілік назарына ұсынған болатынбыз. Алайда олардың қатар сирейтін емес. Мысалы, Астанада «АБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы Бас директорының ісі сотқа берілді. Ол «Промышленный» кентіндегі тұрғын үй үлескерлерінің 125 миллион 200 мың теңгесін талан-таражға салған. Ол қамауға алынды», - деді М.Жұманбай.